Маусымның төртінші аптасы қауіпсіз мінез-құлыққа арналған. Іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаты балалардың жол қозғалысы ережелері мен жол белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Қауіпті жағдайларда өзін-өзі ұстау қағидалары туралы. Бүгін орта топтағы балалар аппликация жасады, бағдаршам, көшеде қауіпсіз мінез-құлық негіздері қалыптасты; көше құрылысымен және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілерімен танысты, жол қозғалысы ережелерін бекітті, бұрын практикалық қызметте алған білімдерін қолданды.
Жол бағдаршамы мен жол белгілері туралы өлеңді тыңдады. Жолдағы қауіпсіз мінез-құлық туралы әңгімелесті. Жұмбақтарды анықтап, жол жағдайын бейнелейтін суреттерді, иллюстрацияларды қарады. «Көше қозғалысы» ойын жағдайы өткізілді, «Бағдаршам» әні тыңдалды
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалар бағдаршам сигналдары мен жол қозғалысы ережелері туралы берік білім алды.