Біздің балабақшада балалардың денсаулығын нығайту бойынша мынадай іс-шаралар өткізіледі.
1. Ауыз қуысын (тамақты) қайнаған сумен шаю- судың температурасы 25 градустан басталып, күн сайын температураны біртіндеп төмендетіп 15 градусқа дейін жеткізіледі. Бұл мұрын-жұтқыншақ ауруларының алдын-алу шарасы. Ауызды шаю тамақтан кейін жүзеге асырылады. Бұл процедураның әдісі қарапайым. Бала аузына суды алып, басын артқа шалқайтып, "А"дыбысын айтады. Дыбысты мүмкіндігінше ұзақ айту керек. Бұл кезде су тамаққа түседі;
2.Йодты -тұзды ерітіндімен шаю.Ортаңғы топтан бастап балалар аузын йодты -тұзды ерітіндімен шаяды (бөлме температурасындағы 20-25 градус 1 литр суға -1 ас қасық тұз және 3-4 тамшы йод) қосылады .Бұл әдіс күндізгі ұйқыдан кейін жүзеге асырылады. Тамақ ауруы, аденоидтар мен бадамша бездердің көбеюінің алдын-алудың тиімді құралы болып табылады.
3.Фитотерапия.(Шөп тұнбалары) ЖРВИ және тұмау ауруларының көтерілуі кезінде фитотерпия жүргізіледі. Бұл денсаулықты нығайту әдісі су-электролит балансын қалпына келтіру және денені сауықтыру мақсатында дене шынықтыру ұйымдастырылған іс әрекетінен кейін жүзеге асырылады.
Фитотерапия келесі шөп тұнбаларын қолдану арқылы жасалынады. Тұнбаларды балабақша медбикесі дайындайды.
1.Жалпы имунитетті күшейтетін тұнбалар Шалфей , итмұрын , түймедақ
2.Қабынуға қарсы қолданылатын тұнбалар Шалфей ,жолжелкен, шайқұрай, түймедақ
3.Тұмауға қарсы қолданылатын тұнбалар Итмұрын, эвкалипт жапырағы.